Қазақстан Президенті Ислам революциясы жетекшісімен кездесті
(last modified Mon, 20 Jun 2022 11:22:35 GMT )
Маусым 20, 2022 17:22 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Ислам революциясы жетекшісімен кездесті

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және оның делегациясымен кездесіп, Иран мен Қазақстан арасындағы терең тарихи және мәдени байланыстарды атап өтіп, екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты, әсіресе аймақтық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігін қуаттады.

Аятолла Хаменеи саяси және экономикалық мәселелерді үйлестіруді қарым-қатынастарды кеңейту үшін қажет деп атап, ортақ комиссияны белсендіру қажеттігін қуаттап: «Екі тарап келісімдерді жалғастыру және жүзеге асыру үшін күш-жігерін екі есе арттыруы керек»,- деді.

Экономикалық дипломатияны нығайту және осы елдермен өзара іс-қимылды арттыру және олардың әлеуетін экономикалық және сауда қарым-қатынастарын нығайту үшін пайдалану негізінде Азия және Еуразия елдерімен көршілестік саясатына мән беру және қарым-қатынастарды кеңейту 13-ші үкіметтің маңызды жоспарларының бірі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет басшылары мен делегациялардың Иранға және Иранның жоғары лауазымды тұлғалары мен делегацияларының көршілес елдерге сапарлары айтарлықтай өсуде.

Ислам революциясы жетекшісі сөзін жалғастыра: «Мәселелерді мұқият бақылау қажет, өйткені американдықтар мен батыстықтар әртүрлі аймақтарда, соның ішінде Шығыс және Батыс Азияда өздерінің ықпал ету аясын кеңейтуге және мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіруге үнемі әрекетенуді»,- деп ескертті.

Ислам революциясының жетекшісі  соңғы халықаралық оқиғалар, әсіресе Украина соғысы, сондай-ақ Шығыс және Батыс Азия елдерінің, соның ішінде Орталық Азия аймағының Батыстың, әсіресе АҚШ-тың гегемониялық мақсаттарынан және Батыстың ықпал ету және заңсыз мүдделерге қол жеткізу, сондай-ақ елдердің саясатын өз мақсаттарына сәйкес бағыттау үшін тұрақты әрекеттерінен хабардар болуы қажеттілігіне тоқталды. АҚШ-тың Батыс блогының көшбасшысы ретіндегі мақсаты әрқашан басқа елдердің, әсіресе әлемнің сезімтал және стратегиялық аймақтарындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіректеріне ықпал ету және   олардың макро-саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік саясаттары мен мақсаттарын өз саясатына сәйкес қалыптастыруды көздейді. Осыған байланысты Кеңес Одағы ыдырап, 15 республика, оның ішінде Орталық Азия аймағын құраған соң Батыс бұл аймаққа көп көңіл бөліп, әскери базаларды алу, сондай-ақ осы елдермен қарым-қатынасты дамыту үшін қадамдар жасады. Олардың мақсаты - аймаққа  жақын болуына байланысты екі бәсекелес халықаралық державаны, атап айтқанда Ресей мен Қытайды мүмкіндігінше бақылауға алу.  Вашингтонның бұл әрекеті Мәскеу мен Бейжіннің реакциясына ұшырады. АҚШ 11 қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікпен күресу сылтауымен Ауғанстанға басып кіріп, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерде әскери базалар орната алды. Алайда американдықтардың әрекеті мен олардың әдеттен тыс әрекеттері қабылдаушы елдердің бұл базаларды жабуды талап етуіне әкеліп соқты, Вашингтон бұл талапты орындауға мәжбүр болды. Осы кезде Батыс Украинаны НАТО-ға қосылуға  жігерлендіріп, НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтуге талпыныс жасап, Украинаны үнемі қару-жарақпен жабдықтап, қаруландырып,  тағы бір маңызды аймақта, Шығыс Еуропада жойқын соғыс тудырып отыр. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Украинаға келсек, ең басты мәселе – батыстықтардың НАТО-ны кеңейтуге ұмтылуы және олар өз ықпалын қай жерде болса да кеңейтуден тартынбайды»,- деді. Ислам революциясы  жетекшісінің Украинадағы қазіргі дағдарыс пен соғыстың түп-тамырына қатысты көзқарастары оның халықаралық саясат пен АҚШ режимінің табиғатын толық меңгергендігі, сондай-ақ соңғы кездегі Батыстың жойқын рөлі аясында айтылды.  2014 жылы Украинадағы оқиғалар Ислам революциясы жетекшісінің жоғарыда атап өткеніндей, батысшыл режим орнату мақсатымен Шығыс Еуропаның осы еліндегі барқыт қозғалыс және мемлекеттік төңкеріс болды. Осылайша, Вашингтон және оның НАТО-дағы еуропалық серіктестері оқшаулау және қоршау, ақырында Ресейді әлсірету және бөлшектеу мақсатында НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту жөніндегі үлкен жоспарын жүзеге асыра алады. Бұл мәселе Мәскеудің ескертулері мен реакцияларына себеп болып, ақыры Украинадағы әскери операцияға ұласты.