Хатибзаде: Түркия сионистердің бөлшектеуші талаптары алдында үнсіз қалмауы керек
Маусым 24, 2022 15:19 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Түркияның сионистердің бөлшектеуші талаптары алдында үнсіз қалмайды деп ойлаймыз»,- деді.
Израиль Сыртқы істер министрі түрік әріптесімен өткізген баспасөз мәслихатында Теһранның түрік жеріндегі сионистерді нысанаға алуға тырысқаны туралы мәлімдемесін қайталады. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Израиль Сыртқы істер министрінің Анкарада түрік әріптесі Мевлуд Чавушоғлумен ортақ баспасөз мәслихатында айтқан негізсіз айыптауларын жоққа шығарып: «Сионистік режим Иран мен Түркия қарым-қатынасын бұзып, түрік қоғамының пікірін Палестинадағы қылмыстарына назар аударудан алыстатуды көздеп отыр»,- деді.
Тегтер