Маусым 25, 2022 13:44 Asia/Almaty

ИИР Президенті БРИКС елдерінің саммитінде Иранның БРИКС елдерін ірі әлемдік нарықтармен байланыстыру үшін тұрақты серіктес бола алатынын мәлімдеді.

 

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Ибрахим Раиси жұма күні Қытайда бейнеконференция түрінде өткен БРИКС елдерінің  саммитінде: «Жаһандық қайшылықтар тенденциясы, біржақтылық, ұлтшылдық артықшылықтар және санкциялар мен экономикалық әрекеттер сияқты дағдарыстар  мемлекеттердің егемендігі мен ұлттық мүдделерін құрметтей отырып, «болашағы ортақ адамзат қоғамын» құру жолында маңызды қадам жасау БҰҰ-мен қатар жаңа институттарды құру мен нығайтудың маңыздылығын көрсетеді»,- деді.

Раиси қазіргі өзара байланысқан әлемнің достық пен әлем бейбітшілігінің ілгерілеуіне әсер ететін жаңа және сан алуан сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанына тоқталып: «Біз ұжымдық қиындықтарды жеңуге көзделген тәжірибелер мен  ерік-жігердің куәсі болып отырмыз. Біркелкі даму мен әлемдік бейбітшілікке қол жеткізуде тәуелсіз көпжақты институттардың тиімді рөл атқаруы үшін осы жаһандық платформаны нығайту қажет»,- деп мәлімдеді.

Раиси ИИР-ның өзінің мүмкіндіктерін, соның ішінде әлемдегі бірегей қуат қорлары, қысқа және арзан көлік желілері мен транзит, дайындалған жұмыс күшінің ерекше байлығы, сондай-ақ  БРИКС мақсаттарына жету үшін маңызды ғылыми жетістіктермен бөлісуге дайын екенін жариялады. Сондай-ақ саяси және экономикалық географияның бірегей позициясының Иранды БРИКС-ті энергетикалық жолдар мен негізгі жаһандық нарықтарға қосу үшін тұрақты және сенімді серіктес ете алатынын қуаттады.

 

Тегтер