Раиси: Иран келіссөзден кетпейді
ИИР Президенті Иранның санкцияларды алып тастауға қатысты келіссөздерден кетпейтінін қуаттады.
Раиси халыққа теледидардан берген сұхбатында Еуроодақтың сыртқы саясат жетекшісінің Теһранға сапары туралы Иранның келіссөздерді тоқтатуға ниетті емес, бірақ өз ұстанымынан қайтпайтынына тоқталып: «Біздің саясатымыз - санкцияларды алып тастау. Бұл санкцияларды тезірек алып тастау керек, өйткені бұл қатыгездік»,- деді. ИИР Президенті қарсы тараптың өз міндеттемелеріне қайта оралуы керектігін баса айтып: «Келіссөздерді жалғастырып, санкцияларды залалсыздандыру жолын да ұстанамыз»,- деп мәлімдеді.
Иран Президенті елдің көршілерімен қарым-қатынасы туралы: «Көршілерімізбен өзара іс-қимыл саясаты – біздің басымдылығымыз. Біз 18 елмен 2,5 миллиард доллар көлемінде техникалық және инжинирингтік қызметтерді экспорттауға келісім-шарт жасадық»,- деді. Раиси Иранның соңғы үш айда көршілерімен саудасының 20 пайызға өскенін және санкцияларға қарамастан мұнай экспортының жақсы жағдайда екенін айтты.