Маусым 27, 2022 16:02 Asia/Almaty
  • Раиси: Есірткіге қарсы күресте халықаралық шешім жоқ

ИИР Президенті: «Елдер мен халықаралық ұйымдар есірткімен күресте өздерінің талаптары мен жауапкершіліктері шамасында өз рөлін атқармайды»,- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси  жексенбі күні «Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні» рәсімінде  Ирандағы 3800 шәһид пен 12 мың есірткімен күрес ардагерлерін еске алып, елдердің, әсіресе БҰҰ-ның есірткімен күресудегі әрекетсіздігін сынап: «Бүгінгі таңда, әртүрлі елдер есірткіге қарсы Шанхай конвенциясына қол қойғаннан кейін 113 жыл өткен соң, біз бұл өнімнің көптеген басқа өнімдерге қарағанда интернетте оңай қол жетімді екенін және дәстүрлі есірткінің өнеркәсіптік сипатқа ие болғанын, сондай-ақ   ақшаны жылыстату сияқты басқа да ұйымдасқан қылмыспен байланысты екенін көреміз»,- деп мәлімдеді. Есірткіге қарсы күресте халықаралық шешімді қалыптастырудағы елеулі әлсіздіктерді түсіндіре отырып, Раиси АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы есірткі өсірудің дамуына әкелген әрекеттеріне тоқталды. Ол: «Неліктен халықаралық қауымдастық АҚШ пен НАТО-ны жауапқа тарту бойынша өзінің құқықтық, моральдық және адам құқықтары жөніндегі міндеттерін орындамайды?»- деген сұрақты көтерді.

 

Тегтер