Раиси: Теһран-Баку қарым-қатынастарын тереңдету тиімді аймақтық ынтымақтастыққа әкеледі
ИИР Президенті Иран-Әзірбайжан қарым-қатынастарын тереңдету аймақтық ынтымақтастаққа әкелетінін мәлімдеді.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесуінде Теһран мен Баку арасындағы әртүрлі сауда, экономикалық және саяси салалардағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтардың кеңеюіне және Иранның Әзірбайжанмен қарым-қатынастарын тереңдету мен нығайтуда шек жоқ екеніне тоқталып: «Жақсы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту тиімді аймақтық ынтымақтастыққа әкеле алады»,- деді.
Джейхун Байрамов екі елдің ресми тұлғалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың айтарлықтай артқанына және оның ынтымақтастық пен қарым-қатынас деңгейіне елеулі ықпалына назар аудартып, Иран мен Әзірбайжан арасындағы сауда көлемінің өткен жылы және сондай-ақ осы жылдың алғашқы 5 айында айтарлықтай өскенін айтты.