Раиси Жапония үкіметі мен халқына көңіл айтты
(last modified Sat, 09 Jul 2022 08:48:37 GMT )
Шіл 09, 2022 14:48 Asia/Almaty
  • Раиси Жапония үкіметі мен халқына көңіл айтты

ИИР Президенті Ибрахим Раиси Жапонияның Премьер-министрі Фумио Кишидаға жолдауында осы елдің бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің адамгершілікке жатпайтын шабуылдан қайтыс болуына байланысты бұл елдің үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси Синдзо Абэнің  қайтыс болуына байланысты жолдауында: «Марқұм жапон халқының ұлы саясаткері және Иран Ислам Республикасы мен Жапония арасындағы тарихи қарым-қатынастардың дамуында маңызды рөл атқарған халықаралық тұлға болды»,- деді. Соңында Раиси Жапония үкіметі мен халқына қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, осы елдің бұрынғы премьер-министрінің рухына Алладан тыныштық пен рақым тіледі.