Раиси: Үндістанның тарихи ерекшелігін сақтау керек
ИИР Президенті Үндістанның діндерге құрмет көрсететін ел ретіндегі тарихи ерекшелігін сақтау қажеттідігіне тоқталды.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Үндістан Премьер-министрінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауына жауап ретінде, өз кезегінде Үндістан үкіметі мен халқын, әсіресе осы елдің 200 миллион мұсылман халқын бұл ұлу күнмен құттықтады және Үндістан халқына бейбітшілік пен достық, аймаққа қауіпсіздік, өркендеу мен даму тіледі.
ИИР Президенті Үндістан Премьер-министріне құттықтауы үшін алғыс айта отырып, Үндістанның діндер мен рухани топтарға құрмет көрсететін ел ретіндегі тарихи ерекшелігін сақтаудың маңыздылығын қуаттады. Үндістан Премьер-министрі 200 миллион үнді мұсылманының осы айт мерекесін тойлауын Үндістандағы әртүрлі діндер арасындағы бейбітшілік пен достықтың символы деп санады.