Канани Чафи: Иран сионистік режимнің ақылсыз әрекетіне табанды түрде жауап береді
https://itolqyn.com/news/iran-i62448
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: «ИИР сионистік режимнің кез келген ақылсыз әрекетіне ерік-жігерімен, табандылықпен және өкіндіретіндей жауап береді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 13, 2022 15:42 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: «ИИР сионистік режимнің кез келген ақылсыз әрекетіне ерік-жігерімен, табандылықпен және өкіндіретіндей жауап береді»,- деді.

 

Насер Канани Чафи сәрсенбі күні отандық және шетелдік журналистермен кездесуінде сионистік режим премьер-министрінің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасы туралы сөздеріне қатысты: «Ядролық қаруды таратуға тыйым салу және ядролық саладағы халықаралық мониторинг туралы халықаралық шарттардың ешбіруіне мүше емес,  халықаралық заңдарды айқын бұзған және халықтарға қарсы шабуыл жасау тарихы бар режимнің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттеріне қатысты пікір білдіруі ащы мысқыл»,- деді.  Канани Чафи Иранның ядролық әрекеттерінің толығымен анық, заңды және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауында екенін мәлімдеп: «Ядролық арсеналға ие және ядролық қаруды таратпау шартының мүшесі болмаған сионистік режимнің Иранның бейбіт ядролық әрекеттеріне қатысты пікір айтуға құқығы жоқ»,- деп баса айтты.