Амир Абдуллахиан Боррельге: Ақ үй шектен шығудан бас тартуы керек
(last modified Tue, 19 Jul 2022 08:12:09 GMT )
Шіл 19, 2022 14:12 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Боррельге: Ақ үй шектен шығудан бас тартуы керек

ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысымен телефон арқылы сөйлескен кезде Иранның жақсы, күшті және тұрақты келісімге қол жеткізудегі ерік-жігерінде күмән жоқ деп қуаттап: « Ақ үй асыра сілтеушілік пен күмәнді ысырып қойып, шешімге келу мен келісімге келу жолында шынайы қадам жасауы керек»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан  бұл телефон сұхбатында Джозеф Боррел  мен  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары  Энрике Мораның үздіксіз талпыныстарын жоғары бағалап, сонымен бірге Италия және Франция сыртқы істер министрлерімен жақында өткен келіссөздеріне сілтеме жасай отырып: «АҚШ өткендегі тиімсіз көзқарасты, нәтижеге әкелмейтін әрекеттерді қайталауды және қысым мен санкцияларды қолдануды тоқтатуы керек»,- деп қуаттады.

Баррелл Иранның кедергілерден өту және түпкілікті келісімге қол жеткізу үшін қалған кейбір дауларды шешу бастамаларын бағалай отырып, өзінің және орынбасарының барлық тараптармен байланыс және кеңесу арқылы бұл процесті жеңілдету және жеделдетуге дайын екендігін баса айтты.

 

Тегтер