Шіл 24, 2022 19:38 Asia/Almaty
  • Сионистік режимге тиесілі тыңшылық ұйымның мүшелерінен тұратын желі құрықталды

Иранның Барлау министрлігі мәлімдеме жасап: «Лаңкестік әрекет жасау үшін Иранға келген сионистік тыңшылық ұйым мүшелері бүлдіргі әрекет жасағанға дейін Имам Заманның (ғ.) белгісіз сарбаздары тарапынан анықталып, құрыққа түсті»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы мәлімдемеде: «Құрықталған адамдар көршілес елдердің бірі арқылы сионистік режимнің тыңшылық-лаңкестік ұйымымен байланыста болған. Олар заманауи оперативтік және коммуникативтік құралдар мен ең қуатты жарылғыш заттарды пайдаланып, кейбір маңызды жерлерде бұрын-соңды болмаған және алдын ала белгіленген бүлдіргі және лаңкестік амалдар жасауды көздеген. Иран кауіпсіздік күштерінің бірнеше сатылы операциясы барысында осы лаңкестер анықталып, қамауға алынды»,-делінген.

 

Тегтер