Раиси: Иранның Ауғанстаннан су алу мәселесін жіті бақылау керек
ИИР Президенті Иранның Ауғанстаннан су алу мәселесін жіті бақылау керегін айтып: «Систан мен Белуджистан халқы мен егіс алқаптарын тұщы сумен қамтамасыз ету үшін тиісті министрлікке қолайлы шешім жолдарын табуға бұйрық бердім»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің жиналысында Сыртқы істер министрі мен Энергетика министрін Иранның Гильменд өзенінен су алу құқығын қорғауға жауапты деп атап: «Иран үкіметі өз халқының құқығын қорғауда жан аяп қалмайды»,-деді.
1972 жылы Иран мен Ауғанстанның сол кездегі басшылары қол қойған Гильменд хаттамасына сәйкес Иранның осы өзеннен алатын суының жылдық көлемі 820 текше метрді құрайды. Секундына шамамен 26 текше метр су. Әрине жылдың түрлі мезгілдері мен айларында су көлемі өзгеріп тұрады.