Македония Сыртқы істер министрі Руханимен кездесті
(last modified 2016-04-25T14:33:05+00:00 )
Сәу 25, 2016 20:33 Asia/Almaty
  • Македония Сыртқы істер министрі Руханимен кездесті

ИИР президенті Иранның лаңкестікпен күрес саласында басқа елдермен өзінің тәжірибелерімен бөлісуге әзір екендігін мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда Македония Сыртқы істер министрі Никола Попоскиді қабылдауында: «Иранның лаңкестікпен күрес саласында бағалы тәжірибелерге ие. Сондықтан басқа елдермен, соның ішінде Македониямен өз тәжірибелерімен бөлісе алады» деді.

Рухани лаңкестіктің әлемдік қауіп-қатерін баяндап: «Экстремистік ойларға қарсы жастарды әсіресе ғаламтор кеңістігінде сақтандыру қажет. Өйткені кейбіреулер ислам мен мұсылмандарға еш қатысы жоқ азғын пікірлерді исламға таңу арқылы жастарды лаңкестік және әсірешілдік әрекеттерге қарай тартуға талпыныс жасап жатыр» деді.

Иран президенті сондай- ақ Теһран мен Скопье байланысы туралы айтқан сөзінде ислам республикасы мен Македонияның жан- жақты байланыстарын кеңейтуі жолында еш кедергінің жоқ екендігін қуаттады.

Македония Сыртқы істер министрі Никола Попоски де Скопьенің Иранмен жан- жақты байланыстарды кеңейтуге қатысты ерік-жігерге ие екендігін және екі елдің ынтымақтастықтарын жылдам кеңейту үшін жағдайдың әзірлігін мәлімдеді.

Тегтер