Өткен 4 айда Иранның мұнайдан тыс экспорты артты
(last modified Fri, 29 Jul 2022 10:19:59 GMT )
Шіл 29, 2022 16:19 Asia/Almaty
  • Өткен 4 айда Иранның мұнайдан тыс экспорты артты

Иран үкіметінің баспасөз өкілі өткен 4 айда елдің мұнайдан тыс экспортының көлемі артқанын хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бахадори Джахроми бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында өткен 4 айда Иранның мұнайдан тыс экспортының көлемі жайлы статистикалық мәлімет беріп: "Экспорт көлемі 17 млрд 240 млн долларға жетті. Өткен жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда 22 пайызға артық",-деді.

Бахадори Джахроми хабарлауынша, өткен 4 айда газ экспортынан шамамен 4 млрд доллар табыс келген. Бұл сома х.ш.ж.с.б. 1400 жылы (2021 жылдың наурызы – 2022 жылдың наурызы) газ экспортынан түскен бүкіл табыспен бірдей.