Хазірет Масуме(ғ.) кесенесі имам Хұсейнді аза тұтушыларды қабылдап жатыр
(last modified Tue, 02 Aug 2022 09:55:51 GMT )
Там 02, 2022 15:55 Asia/Almaty

Теһранның оңтүстігінде орналасқан Құм қаласындағы хазірет Масуме (с.) кесенесі мұхаррам айы басталысымен қара жамылып, күндіз-түні Иранның түкпір-түкпірінен келген имам Хұсейнді(ғ.) аза тұтушыларды және тіпті шетелден келген зияратшыларды қабылдап жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, хазірет Масуме (с.) кесенесінде күнде аза тұту топтары жүріп өтіп, Ашура оқиғасы жайлы сөз сөйленеді.

Нәзір тарату, діни күркелер құру және аза тұту рәсімдерін өткізу Иран халқының имам Хұсейнге (ғ.) қатысты әдет-ғұрыптарының бір бөлігі ғана. Бұл күндері исламдық Иранның қай жеріне қарасаңыз да, имам Хұсейннің (ғ.) қара байрағының ілінгенін көресіз.

 

Тегтер