Иранның түкпір-түкпірінде «Хұсейндік сәбилер» басқосуы өтті
(last modified Fri, 05 Aug 2022 08:34:41 GMT )
Там 05, 2022 14:34 Asia/Almaty

Мұхаррам айының алғашқы жұмасында Иранның 7500 жерінде Хұсейндік сәбилердің аза тұту рәсімі өтті.

Бұл рәсімде аналар жасы кіші балаларымен мешіттер, кесенелер мен мазарларға барып, Кербала оқиғасында шәһид болған имам Хұсейннің (ғ.) алты айлық баласын еске алып, аза тұтты.

Басқосудың соңында балаларының имам Хұсейннің (ғ.) жолында екенін дәлелдейтін аналар келісімі оқылды.   

«Хұсейндік сәбилер» атты дүниежүзілік басқосу әлемнің 45 елінде өтті.

Тегтер