Там 08, 2022 21:03 Asia/Almaty

Исламдық Иранның түкпір-түкпірінде хазірет Аба Абдулла әл-Хұсейнді (ғ.) аза тұтуға қатысқан топтар хазіреттің соңғы намазын еске түсіріп, Ашура күнінің түскі намазын оқыды.

Аза тұту топтары бүгінде түскі азаннан кейін мешіттер, текиелер мен хұсейниелерде (діни орталықтар), алаңдар мен көшелерде имам Хұсейн (ғ.) мен оның серіктерін еске алып, жамағат намазын оқыды.

Ашура күнгі түскі намаздың ең маңызды жолдауы – ең қиын кезеңдерде ислам дінін тірі сақтау және бүкіл илаһи және адами құндылықтарды қайта жаңғырту.   

 

Тегтер