Там 10, 2022 19:32 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Пейман Джебели: "Израиль басқыншылары ешқашан аймақта Қарсыласу қозғалысына төтеп бере алмайды",-деді.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы Ахмед Наурузимен бірге Al-Alam ақпарат арнасына барып, қызметкерлерді Журналистер күнімен құттықтаған Пейман Джебели осы арнаның Газаға қарсы соғыс мен жалпы аймақтағы оқиғаларды жан-жақты таратқаны үшін алғыс айтты.  

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы сионистік режимнің Газа секторына жуырдағы басқыншылығы туралы: "Бұл режим "темір күмбез" деп аталатын қорғаныс кешеніне ие болса да, Палестина Қарсыласу қозғалысының, әсіресе Исламдық джиһад қозғалысының жылдам реакциясына төзе алмады. Қарсыласу қозғалысы Тель-Авивті өз шарттарын қабылдап, атысты тоқтату бітімін қабылдауға мәжбүрледі",-деді.

Джебели: "Қарсыласу қозғалысы бүкіл аймақта Йеменнен Ирак, Ливан мен Палестинаға дейін сионистік режимге қарсы тұруға дайын",-деді.

Тегтер