Там 15, 2022 14:34 Asia/Almaty
  • Раиси: Қарсыласу қозғалысы – ислам әлемінің қиыншылықтарын шешетін жалғыз жол

Иран Президенті қарсыласу қозғалысын ислам әлемінің қиыншылықтарын шешетін жалғыз жол деп атады.

Ибраһим Раиси Иран үкіметінің жиналысында қарсыласудың жоғары мағынасын ескере отырып, 23 мордадты Иранның ресми күнтізбесінде Исламдық қарсыласу күні деп атауға ұсыныс жасап: «Тарихи тәжірибе бізге көрсеткендей, әлемнің кез келген жеріндегі халық үстемшілдік пен зорлыққа тап болғанда табанды қарсыласу жолын ұстанып, сәттілікке қол жеткізіп, абырой мен тәуелсіздікке жетті»,-деді.   

Иран Президенті қарсыласу дискурсын ислам әлемінің мәселелері, әсіресе Палестина мәселесін шешуге тиімді жалғыз жол деп атап, қарсыласу өзегінің ұлы сардарлары, соның ішінде  шәһид Қасым Солеймани мен қажы Хұсейн Хамаданиды еске алып: «Иран халқы және аймақ пен әлемнің бүкіл азаттық сүюшілері қарсыласу өзегінің қолбасшылары мен жауынгерлеріне алғыс айтады»,-деді.

Тегтер