Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы: Мақсат – ислам өркениеті
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Дамудың ирандық-исламдық үлгісі орталығының жоғары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде ислам революциясының мақсатын «ислам өркениетін» қалыптастыру деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі осы кездесу барысында ислам революциясының мақсаттарын бес кезеңге бөліп, ислам өркениетін қалыптастыруды соның ең соңғы кезеңі деп атады. Хазірет аятолла Хаменеи: «Осы үдерістегі бірінші кезең – ислам революциясының қалыптасуы. Содан кейін бірден исламдық жүйе қалыптасуы керек. Имам Хомейнидің (р.) үлкен жетістігі де осы исламдық жүйені қалыптастыруы болды»,-деді. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, революцияның мақсаттарының үшінші кезеңі – толығымен исламдық критерийлер негізіндегі үкімет құру. Осы мақсат орындалмайынша ислам қоғамын қалыптастыруға кезек жетпейді. Ол ислам революциясы мақсаттарының бес кезеңінің ең соңғы қадамын «ислам өркениетін» қалыптастыру деп атап: «Ислам өркениеті дегеніміз басқа елдерге шабуыл жасау емес, басқа халықтардың исламның идеологиялық ықпалында болуы деген мағынаны береді»,-деп қуаттады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің, әсіресе Батыстың отаршылдығынан азат етілген елдердің ең маңызды мәселесі экономикалық даму мен әлеуметтік әділеттікке жетудің жолын таңдау болды. Ол заманда даму жайлы екі көзқарас қарастырылған болатын. Бірінші таңдау – капиталистік жүйе өзегіне түсу, ал екіншісі Кеңес одағы бастаған Шығыс блогына қосылу болды. Коммунизм 1980 жылдардың аяғында құлдырап, Кеңес одағы бөлініп кетті. Кеңес одағының соңғы басшысы Горбачев либерализм негізіндегі экономикалық реформаларды бастады, алайда ол таңдаған жол Кеңес одағының құлдырау үдерісін жылдамдатты. Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни (р) Михаил Горбачевке жолдаған хатында қиындықтан шығу үшін либерализм жолын таңдау туралы былай деп жазған: «Егер социализм мен коммунизмнің экономикалық түйткілдерін Батыстың капиталистік ошағын паналау арқылы шешкіңіз келсе, өз халқыңыздың дертін жазу былай тұрсын, басқалар келіп, сіздің қателіктеріңізді өтеуі тиіс болады, өйткені бүгінде марксизм тығырыққа тірелді, Батыс әлемі де басқа формадағы осы мәселелерге душар болып отыр». Имам Хомейнидің (р) Кеңес одағы туралы болжамы дұрыс шықты. Капитализмге қатысты капиталистік елдердің көбінде терең әлеуметтік-экономикалық алшақтықтардың пайда болуы имам Хомейнидің (р) көзқарасының дұрыстығын көрсетеді. Хазірет аятолла Хаменеи осы жөнінде орасан зор мемлекеттік қарыздар, жұмыссыздық, кедейлік пен терең таптық айырмашылық сияқты көрсеткіштерде осындай үлгілерді ұстанған кейбір елдердегі келеңсіз жағдайлар қолданылған үлгілердің сәтсіздігі мен әсерсіздігін көрсетеді деп атады. Хазірет аятолла Хаменеи: «Бұл қоғамдарда даму болды, алайда даму олардың бойына терең сіңбеді, ізгі ақлақ, әділет, руханият пен қауіпсіздікке жеткізбеді. Сондықтан Иран өзінің жергілікті даму үлгісін исламдық негіздер мен ирандық мәдениетке сүйене отырып сипаттап, ұсынуы тиіс»,-деп баса айтты.
Иран Ислам революциясы әлемге дамудың жаңа үлгісін ұсынды. Имам Хомейни (р) өзінің Михаил Горбачевке жолдаған танымал хатында: «Сізден ислам жайлы терең зерттеуді сұраймын. Мұны ислам мен мұсылмандардың сізге мұқтаждығынан емес, барша халықтардың құтқарылу құралы бола алатын исламның бүкіләлемдік құндылықтарына көңіл аудару үшін айтып отырмын»,-деп жазды.
Дамудың ирандық-исламдық үлгісі Ислам революциясынан 37 жыл өткеніне қарамастан әлі де әлем жұртшылығының алдында талқылануды қажет етеді. Дамудың ирандық-исламдық үлгісі орталығын құрудағы себептердің бірі де осы қажеттілік болатын.