Там 16, 2022 17:53 Asia/Almaty

Иран Жоғары сотының баспасөз өкілі Iran Press тілшісінің сұрағына берген жауабында швециялық азаматтың Иранда тыңшылық жасады деген айыппен ұсталғанын айтты.

2022 жылы 30 шілдеде Иран қауіпсіздік күштері Швеция азаматын құрықтады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Масуд Сетайеши бүгін, сейсенбі күні баспасөз отырысында Иранда ұсталған швециялық азаматтың жағдайы туралы: "Бұл азаматтан бірқатар құжат алынды. Құжаттар тексеріліп жатыр. Тергеу жұмыстары құпия жағдайда жүргізіледі",-деді.  

Иран Жоғары сотының баспасөз өкілі: "Иран қолда бар мағлұматтарға сүйеніп, бұл азаматқа басқа да айып тағуы мүмкін",-деді.  

Тегтер