Там 17, 2022 14:35 Asia/Almaty
  • Иран волейбол командасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қытай командасын жеңді

Иран волейбол командасы 18 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатындағы бірінші ойында Қытай командасынан басым түсті.

Волейболдан 18 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аясында сейсенбі Теһранда үш кездесу өтті. Соңғы кездесуде Иран командасы Қытаймен ойнап, 3:0 есебімен жеңді.  

Иран волейбол командасы ертең екінші кездесуінде Кувейт командасымен ойнайды.

Осы чемпионаттың үздік төрт командасы әлем чемпионатына қатысуға жолдама алады.

 

Тегтер