Раиси мен Қалибаф Иран жастар командасын еркін күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады
Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхамед Бағер Қалибаф сәрсенбі күні кешке жеке-жеке құттықтау хат жолдап, Иран жастар командасын еркін күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.
Иран жастар командасы Болгарияда еркін күрестен өткен әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль алып, 159 ұпаймен жеңімпаз атанды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси өз құттықтау хатында: "Иран жастар командасы еркін күрестен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Иран халқының биік шыңдарды бағындырудағы қарым-қабілетін тағы бір рет дәлелдеді",-деп еске салды.
Мұхамед Бағер Қалибаф өз құттықтау хатында: "Иран жастар командасы бәсекелестерін біліктілік және лайықты күш-жігермен жеңіп, абырой мінберіне мақтанышпен табан тіреп, Иранның мерейін асырды",-деді.