Қалибаф: Елдің тежегіш және қорғаныс қуаты – ирандық ой-пікірдің жемісі
Там 21, 2022 21:37 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Елдің тежегіш қабілеті мен қорғаныс қуаты – ирандық ой-пікір мен қарым-қабілеттің жемісі. Ешбір алпауыт ел исламдық Ираның тежегіш қабілетінің үздіксіз артуы мен қорғаныс қуатының нығаюына кедергі бола алмайды",-деді.
Мұхаммед Бағер Қалибаф Мәжілістің ашық жиналысында Қорғаныс өнеркәсібі күнінің қарсаңында құттықтау сөз айтып: "Елдің қорғаныс саласындағы мақтаныш тудыратын жетістіктері – Ислам дұшпандарының санкциялық саясатының жеңіліс тапқанының белгісі. Егер мүмін жастар мен мамандарға сенім артсақ, даму шыңдарын бағындыра алатынымызды анық",-деді.
31 мордад (22 тамыз) Иранның күнтізбесінде Қорғаныс өнеркәсібі күні деп белгіленген.
Тегтер