Там 23, 2022 13:55 Asia/Almaty
  • Раиси: Имам Хомейни (р.) халыққа сенді

Иран Президенті: «Имам Хомейнидің (р.) халыққа көзқарасы протоколдық сипатта болмады. Ол халыққа сенім артты. Халыққа қызмет етуді Жаратушыға жақындаудың негізі санады»,-деді.

Иран Президенті мен Министрлер кабинеті үкімет апталығына орай бүгін, сейсенбі күні Ислам революциясының негізін қалаушының кесенесіне барып, имам Хомейнидің (р.) арман-мақсаттарына адал екендерін тағы да растады.

Ибраһим Раиси: «Бүгін Құдайға қызмет ретінде имам Хомейниге(р.) адал екенімізді қайта растау үшін келдік. Үкімет халыққа сенген жерде сәттілікке жететініне сенімді»,-деді.

Иран Президенті Қасиетті қорғаныста жеңіске жетудің себебін имам Хомейнидің (р.) халыққа сенуі деп атап: «Имамның бұл қатынасын қызметтің басты ұраны етіп алу керек»,-деді.

Тегтер