Там 25, 2022 17:20 Asia/Almaty
  • Иран армиясы ұшқышсыз ұшақ жасау саласында күн сайын дамып келеді

Иран армиясы әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы осы ел армиясының жаңа технологияларды жылдам меңгеріп алғанын айтып: "Ұшқышсыз ұшақ-1401" ортақ әскери жаттығуында мақтануға тұрарлық маңызды істер атқарылды",-деді.

Бригада генералы Әлиреза Саббахифард бейсенбі күні "Ұшқышсыз ұшақ-1401" ортақ әскери жаттығуы аясында әуе қорғаныс күштерінің осы жаттығудағы рөліне тоқталып: "Әлем бойынша соңғы кезде болған соғыстар ұшқышсыз ұшақтардың өте әсерлі бола алатынын дәлелдеді. Сол себепті Иран армиясы да осы салаға қадам басты",-деді.

Бригада генералы Саббахифард армияның бұл саладағы даму жылдамдығы өте жоғары екенін, болашақта ұшқышсыз ұшақ саласында айтарлықтай жетістіктерге жететінін айтып: "Осы әскери жаттығуда жаңа істер, соның ішінде қаруланған ұшқышсыз ұшақпен әуеде объектінің ізіне түсу амалын атқардық",-деді.

Тегтер