Арбағин орталық штабының басшысы: Иран мен Ирак арасындағы барлық ортақ шекаралар жабық
(last modified Tue, 30 Aug 2022 10:32:33 GMT )
Там 30, 2022 16:32 Asia/Almaty
  • Арбағин орталық штабының басшысы: Иран мен Ирак арасындағы барлық ортақ шекаралар жабық

Иран Ішкі істер министрлігі Арбағин штабының басшысы Иракқа сапар шегуге тыйым салынғанын жариялап: «Ирактағы толқуларға байланысты Иран мен Ирактың ортақ шекарасы жабылды»,- деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Мирахмади: «Ирактағы толқулар мен қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл елде коменданттық сағаттың жариялануына байланысты Иран мен Ирак арасындағы ортақ шекара да жабылды. Иракта толық қауіпсіздік орнамайынша, Иракқа барлық рейстерге тыйым салынып, рейстер тоқтатылды»,- деді. Мирахмадидің айтуынша, Ирактағы барлық ирандық қажылар қауіпсіз және сапарға шығуға тыйым салынғаннан кейін елге оралады.

 

Тегтер