Раиси: Әһл-е Бейт – Ислам үмбеті бірлігінің кілті
Иран Президенті Дүниежүзілік Әһл-е Бейт ассамблеясын Ислам үмбеті бірлігінің кілті әрі адамзат қоғамының үміті деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Дүниежүзілік Әһл-е Бейт ассамблеясының жетінші отырысының ашылу рәсімінде әділетті бүгінде адамзаттың жоғалтып алған қасиеті, Әһл-е Бейтті әлемде әділеттік орнатудың кілті деп атап: "Әділеттікті талап ету – адам болмысында әу бастан жасырынған қасиет",-деді.
Раиси: "Әлем Әһл-е Бейт мектебіне ерекше көңіл бөледі. Өйткені бұл мектепте ақиқат пен әділеттікті талап ету, адамгершілік пен рационализмді сақтау мәселелері қарастырылған",-деді.
Иран Президенті: "Қазіргі таңда жастар, әсіресе Батыстағы жастар дін мен руханиятқа көп көңіл бөледі. Осы аралықта дін мен руханиятқа назар аудару деңгейі артты. Бұл осы отырысқа қатысып отырған ғалымдар мен ойшылдарға жауапкершілік жүктейді",-деді.