Генерал-майор Салами: Иран Қарулы күштері дұшпандардың қоқан-лоққыларына жауап беруге дайын
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Иранның қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктерін тежегіш сипаттағы мақтаныш тудыратын өнімдер деп атап: "Иран Қарулы күштері дұшпандардың қоқан-лоққыларына жауап беруге дайын",-деді.
Генерал-майор Салами бейсенбі күні Иранның Экономикалық өнеркәсіп күніне орай елдің Қорғаныс министрлігінің электронды және әуе қорғаныс көрмесін аралап, осы министрліктің мүмін мамандары мен ғалымдарының джиһадтық талпыныстарына алғыс айтып: "Қорғаныс саласында орын алған жетістіктер – тежегіш сипаттағы мақтаныш тудыратын өнімдер. Олар екі шындыққа – әлемдік деңгейдегі технологиялық жетістіктер және дұшпандардың қорғаныс саласындағы шараларының тиімсіздігіне негізделген",-деді.
Генерал-майор Салами "Иран қорғаныс саласындағы зерттеулерде индустриалды елдермен арақашықтықты жойды" деп: "Бұл оқиға бір жүйеде үйлескен ғылым мен технологияның арқасында орын алды. Шын мәнінде қорғаныс саласындағы қазіргі дамыған жетістіктер – бірнеше ғылым саласының үйлесе жұмыс жасауының нәтижесі",-деді.