Арбағин – имам Хұсейннің (ғ.с.) ерлігінің ұмытылмауының рәмізі
(last modified Sat, 03 Sep 2022 09:41:30 GMT )
Қыр 03, 2022 15:41 Asia/Almaty

Теһран жұма намазының имамы ең жоғары илаһи ұраны имам Хұсейннің ұраны екенін атап өтіп: «Арбағин – имам Хұсейннің (ғ.с.) ерлігінің ұмытылмауының рәмізі»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Хадж Алиакбари  жұма намазында уағыздарында Арбағиннің әлемде теңдесі жоқ адамзаттың ең үлкен жиыны екенін және сонымен бірге әлемдегі ең үлкен шеру екеніне  назар аудартып: «Арбағин жаяу шеруі жаһандық қозғалысқа және 25 миллионға жуық адам қатысатын үлкен оқиғаға айналды»,- деді. Теһран  жұма намазының имамы Арбағинді имам Хұсейннің (ғ.с.) ерлігінің жаһандануы үшін бірегей халықаралық ақпарат құралы деп тауып: «Арбағин жаңа ислам өркениетінің қалыптасуына негіз қалайды және әлемнің түкпір-түкпіріндегі Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастарының мүмкіндіктерін біріктіреді. Расында, Арбағин қозғалысы – қазіргі үстемшілдік пен надандыққа қарсы ұлы жорық»,- деп мәлімдеді.