Ислам революциясы жетекшісі: Ислам республикасы үстемшілдіктің жеті басты айдаһарын кері ығыстырды
(last modified Sat, 03 Sep 2022 13:09:19 GMT )
Қыр 03, 2022 19:09 Asia/Almaty
  •  Ислам революциясы жетекшісі: Ислам республикасы үстемшілдіктің жеті басты айдаһарын кері ығыстырды

Ислам революциясы жетекшісі Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының мүшелері және осы ассамблеяның жетінші құрылтайына қатысушы қонақтармен кездесуінде: «Ислам республикасы Әһле әл-Бәйттің шабытымен жаһандық үстемшіліктің жеті басты айдаһарын кері ығыстырып, алға жылжыды»,- деді.

 

Діни жетекші аятолла Хаменеи кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Ислам революциясының жетекшісі бүгін (сенбі) осы отырыста Әһле Бәйттің (ғ.с.) ұлылығы мен танымалдылығын Ислам әлемінде теңдессіз деп атап: «Ислам республикасы бұл режимге қарсы көтерілген Әһле Бәйт туы ретінде Ислам әлемінде діни, этникалық, нәсілдік бөліну жоқ деп есептейді. Жалғыз сызық - Ислам әлемінің мен күпірлік пен жаһандық үстемшілдіктің арасындағы шекара»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи: «Бүгінде Ислам республикасы үлгі және шындық ретінде әртүрлі дұшпандар мен шабуылдарға төзімділік танытып, сол жаңа өскен көшетті мықты ағашқа айналдыра білді. Әрине, үлгі болу саяси құрылымды ұстану емес, имам Хомейнидің қағидалары мен ұстанымдарына берік болуды білдіреді»,- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі басқа халықтарды зорлық-зомбылықа қарсы тұруға ынталандыруды үстемдік жүйесінің ашуы мен дұшпандықтарының бір себебі деп санап: «АҚШ-тың әртүрлі елдердегі қылмыстық жоспарларын бейтараптандыру, соның бір мысалы ДАИШ болған, иранофобия мен шиіт фобиясын насихаттап, Иранды басқа елдерге араласты деген айыптауларға себеп болды»,- деді. Аятолла Хаменеи Ислам республикасының басқа елдерге араласпайтынын қуаттап, билікқұмарлардың айыптауын исламдық жүйенің елеулі ілгерілеуінің алдын алуға қабілетсіздігінің нәтижесі деп атап: «Әрине, үстем саясатқа әркім қырағы болып, оларға қосылмауы керек»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі үстемшілердің қазіргі саясаты ислам әлеміндегі айырмашылықтарды үлкейтіп көрсету деп тауып: «Қазір кейбір елдерде байқалып жүрген шиіттер мен сүнниттердің, арабтар мен араб емес ұлт өкілдерінің, шиіттердің шиіттермен, сүнниттердің сүнниттермен арасын қоздырып, соғыстыру - үлкен шайтанның, яғни АҚШ-тың саясаты. Одан сақ болу керек»,- деп тоқталды.   

 

 

 

 

Тегтер