Ислам революциясының жетекшісі: Иран əлемдік үстемшілдерді кері шегіндірді
(last modified Sun, 04 Sep 2022 15:34:32 GMT )
Қыр 04, 2022 21:34 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран əлемдік үстемшілдерді кері шегіндірді

Аятолла Хаменеи Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының мүшелері және осы ассамблеяның жетінші құрылтайына қатысушы қонақтармен кездесуінде: "Ислам республикасы Әһле әл-Бәйттен шабыт алып, жаһандық үстемшіліктің жеті басты айдаһарын кері шегіндіріп, өзі алға ұмтылды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі басқа халықтарды зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға ынталандыруды үстемшіл жүйенің ашуланып, жауласуының себептерінің бірі деп атап: "АҚШ-тың түрлі елдердегі қылмыстық жоспарларын залалсыздандыру, соның ішінде ДАИШ-тің алдын алу иранофобия мен шиизмнен үркітуге қатысты жарнама жүргізіп, Иранды басқа елдердің ісіне араласады деп айыптауға себеп болды",-деді.

Ислам революциясы мен Иран Ислам Республикасының маңызды қырларының бірі – үстемшілдікке қарсы күресу. Иран конституциясында баса айтылған бұл саясат өткен қырық жылда елдің сыртқы саясатының басты ұранына айналды. Үстемшілдікке қарсы күресу және бөгделердің үстемдік етуіне жол бермеудің маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе Иран конституциясының 152-бабына енгізілген. Шын мәнінде Ислам революциясы тәуелсіздікті талап ету және үстемшілдікке қарсы күресу рухы бар дискурсты әлемнің саяси әдебиетіне енгізді.

Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни(р.) үстемшілдікке қарсы күресу керегін баса айтқан. Оның мысалы Үлкен сайтан әрі қазіргі заманғы үстемшілдіктің символы саналатын АҚШ-тың саясаты мен іс-шараларына қарсы күресу болды.

Иранның үстемшілдікке қарсы күресі аятолла Хаменеидің жетекшілігі кезінде де байсалды түрде жүзеге асырылып келеді. Бұған мысал – АҚШ-тың үстемшіл жобаларына қарсы күресу. Соның ішінде Иран Джордж Буш билігі кезінде көтерілген Үлкен Таяу Шығыс құру жобасына, Барак Обама билігі кезінде Батыс Азия аймағына іріткі салу үшін АҚШ-тың ДИАШ сияқты лаңкестік-тәкфирлік топтарды қолдауына, Дональд Трамп билігі кезінде аймақ елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыруға бағытталған Авраам жобасына қарсы шықты. АҚШ қырық жылдан аса уақыт ішінде түрлі тәсілдермен осы жобаны орындауға талпынды. Басқа бір мәселеде Вашингтон иранофобия құбылысын күшейту арқылы Иранға қарсы аймақтық коалиция құруға талпынды. Әрине Израиль АҚШ-тың аймақтағы стратегиялық серіктесі ретінде осы қастандықтар мен үстемшіл жобаларда басты одақтас болып келеді.

Осы үстемшіл жобаларға қарсы ИИР қырағылығын толық сақтап, өзінің аймақтық одақтастарының қолдауымен Вашингтонның үстемшіл жобаларын жеңіліске ұшыратты. Осы салада Ислам революциясының жетекшісі ИИР-дің басқа елдердің ішкі ісіне араласпайтынын айтып, үстемшілдердің айыптауларын исламдық жүйенің айтарлықтай дамуының алдын алуға қауқарсыз болуынан туындаған әрекет деп атап: "Әрине бәрі үстемшілдік саясатына қарсы қырағы болуы керек және оларға жақтаспауы тиіс",-деді.

Басқа бір мәселеде аятолла Хаменеи: "Мұсылман халықтары дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың іріткі салу жобаларына қырағы болуы тиіс",-деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі үстемшілдердің қазіргі саясатын ислам әлеміндегі айырмашылықтар мен арадағы жалған сызықтарды айшықтап көрсету деп атап: "Қазір кейбір елдерде шиіт пен сүннит арасында, араб пен ажам (араб емес) арасында, шиіт пен шиіт, сүннит пен сүннит арасында соғыс тудыруға жоспар құрып, оларды арандату –Үлкен сайтан, яғни АҚШ-тың саясаты. Осыған қырағы болу керек",-деді.

Тегтер