Иран Мәжілісінің өкілдері Раисиге хатында: АҚШ-тың айласы мен кепілсіз уəделеріне сақ болыңыздар
Қыр 05, 2022 20:09 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің бір топ өкілі Мемлекет басшысына хат жолдап, АҚШ-тың айласы мен кепілсіз уəделеріне сақ болуға шақырды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз хатшысы сейіт Низамеддин Мусави əлеуметтік желідегі жеке парақшасында: "Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің бір топ өкілі Мемлекет басшысына жолдаған хатында Вена келіссөздерінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының шығындары қайталанбауы үшін АҚШ-тың құқықтық айласы мен кепілсіз уəделеріне өте сақ болуға шақырды",-деп жазды.
Тегтер