Шәһид Солеймани атындағы патрульдік кеме Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосылды
Шәһид Солеймани атындағы патрульдік кеме, шәһид Рухи атындағы зымыранатқыш жүрдек кеме және шәһид Дара атындағы зымыранатқыш жүрдек кеме Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштеріне қосылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шәһид Солеймани атындағы патрульдік кеменің корпусы радиолокацияға ілікпеу қабілетіне ие. Жоба түріне байланысты теңізге шығып, ұзақ жолдарда түрлі амалдар атқара алады.
Көлемі жағынан бірдей басқа кемелерге қарағанда бұл кеменің маневр жасау қабілеті жоғары, бұрылу радиусы өте аз. Мұның түрлі шабуыл және қорғаныс тактикаларын орындауда маңызы зор.
Теңіз тікұшақтарын тасымалдау, қондыру және ұшыру, түрлі шабуылдаушы жүрдек кемелерді тасымалдау, суға жіберу және судан шығарып алу, вертикалды ұшатын ұшқышсыз ұшақтарды қондыру және ұшыру, заманауи коммуникациялық жабдықтарға және өз-өзін қорғауға арналған жергілікті кешендерге ие болу – шәһид Солеймани атындағы патрульдік кеменің ерекшеліктерінің бірі. Кеме дарынды ирандық жастардың қолымен жобаланып, жасалды.