Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдермен саудасы 31 пайызға өсті
Қыр 10, 2022 15:33 Asia/Almaty
Иран кеденінің баспасөз хатшысы Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдермен саудасының 31 пайызға өскенін хабарлады.
Рухолла Латифи: «Биылғы жылдың басынан (1401 ж.) тамыз айының соңына дейін Иран мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында 17 миллиард 56 миллион долларға 21 миллион 415 мың тонна тауар алмасылды. Иранның ШЫҰ-на мүше елдерге экспорты арасында Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан және Ресей бірінші-бесінші орында тұр. Қытай, Үндістан, Ресей, Пәкістан және Қазақстан осы бес айда ШЫҰ-на мүше елдердің ішінде Иранға тауар сатқан алғашқы бес ел болды»,- деді.
Тегтер