Зияратшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Иракқа 3 ұшақ жіберіледі
https://itolqyn.com/news/iran-i63886
Иранның азаматтық авиация ұйымының басшысы: «Зияратшыларды азық-түлікпен, соның ішінде су және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Ирактың Наджаф пен Бағдад қалаларына 3 ұшақ жіберіледі»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2022 20:43 Asia/Almaty
  • Зияратшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Иракқа 3 ұшақ жіберіледі

Иранның азаматтық авиация ұйымының басшысы: «Зияратшыларды азық-түлікпен, соның ішінде су және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Ирактың Наджаф пен Бағдад қалаларына 3 ұшақ жіберіледі»,-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Мұхаммадибахш: «Иракта зияратшылар алдында туындаған шектеулерді ескеріп, Вице-президент Мұхаммед Мохбердің бұйрығымен және Қызыл жарты ай қоғамы мен Иранның Ирактағы елшілігінің көмегімен зияратшыларға қажетті заттардың бір бөлігі ұшақпен Иракқа жеткізілетін болды»,-деді.

Мұхаммадибахштың айтуынша, «Пуйа» әуе компаниясы сенбі күні минералды су, дәрі-дәрмек пен азық-түлік партиясын Наджафқа жеткізеді, бұл көмек жүйелі түрде жалғасып тұрады.  

Иранның азаматтық авиация ұйымының басшысы: «Бүгін  Мешхедтен екі ұшақпен минералды су мен азық-түлік Бағдад пен Наджаф әуежайларына жіберілді»,-деді.