Рухани: Иран шетелдік инвестицияларға кепіл болады
Иран Президенті Парижде франциялық маңызды компаниялардың басшыларымен кездесуде: "Франциялық және ирандық компаниялардың әріптестіктері үшін ешқандай кедергі жоқ. Теһран Иранға инвестиция мен технологияның кіруін және аймақ пен әлемде ортақ нарықтардың қалыптасуын құптайды" деді.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні түстен кейін өткен отырыста ирандық жоғары ддеңгейлі делегацияның сапарының үндеуін ИИР-ның Францияның экономикалық белсенділерімен жоғары деңгейде серіктестік жасауға әзірлігі деп атап: "Банктік және сақтандыру саласының дайындық жұмыстарын жылдам аяқтау екі елдің экономикалық байланыстырының негізін жаңарту үшін лайықты бастама болады" деді.
Рухани Иранның алтыншы даму бағдарламасындағы 8 пайыздық өсімге қол жеткізетіні туралы болжамға тоқталып: "Өсімнің осы деңгейіне жету инвестициялар, көбірек жұмыс пен заманауи технологияларды қажет етеді. Иран инвестициялар мен жаңа технологияларды қабылдауға әзір" деді.
Осы отырыста сонымен қатар Францияның Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Руханидің Парижге сапармен келгеніне ризашылық білдіріп:"Иран – жарқын болашаққа ие үлкен ел. Францияның ірі компаниялары Иранмен ауқымды әріптестіктерді бастау үшін шынайы ерік-жігерге ие" деді.
Осы рәсімеде Францияның Экономика министрі Эмманюэль Макрон: "Франция үкіметі екі елдің экономикалық байланыстарының бұрынғы жасампаздығы мен серпінділігіне қол жеткізу үшін Иранмен ынтымақтастық жасау мақсатында ірі экономикалық және өнеркәсіптік компаниялардың арасында қоғамдық комитет құрды» деді.