Раиси: Самарқанға сапар аймақтық қарым-қатынасты нығайту үшін жасалған қадам
(last modified Sat, 17 Sep 2022 12:22:36 GMT )
Қыр 17, 2022 18:22 Asia/Almaty
  • Раиси: Самарқанға сапар аймақтық қарым-қатынасты нығайту үшін жасалған қадам

Иран Президенті сенбі күні Самарқаннан қайтып оралғаннан кейін: «Өзбекстанға сапар көршілестік саясат пен аймақтық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті Иран мен Өзбекстанның жоғары лауазымды тұлғаларының бір-біріне сапар шекпегеніне 20 жылдан асқанын айтып: «Осы жолғы сапарым жиырма жыл бойы тұралап қалған қарым-қатынасты нығайтты»,-деді.

Раиси Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларымен екіжақты кездесулерге тоқталып: «Оннан аса басшымен жүздестім. Кездесулерде екіжақты мәселелер, сауда-экономикалық қатынас тақырыптары көтерілді. Осыған қатысты байсалды шешімдер қабылданды»,-деді.

Ол: «Осы саммитте ИИР-дың көршілес елдермен байланысын дамытуды қалайтыны айқын жеткізілді»,-деді.