Иран Президенті Өзбекстаннан қайтып оралғаннан кейін Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болды
(last modified Sun, 18 Sep 2022 10:45:13 GMT )
Қыр 18, 2022 16:45 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Өзбекстаннан қайтып оралғаннан кейін Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болды

Ислам революциясының жетекшісі Өзбекстаннан қайтып оралған мемлекет басшысын қабылдады.

Ибрахим Раиси Өзбекстаннан қайтып оралғаннан кейін Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болып, Шанхай ынтымақтастық ұйымыының саммиті аясында өткен кездесулер мен қол жеткізілген келісімдер жайлы есеп беріп, БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапар шегетіні туралы айтты.

Аятолла Хаменеи Раисидің есебіне ризашылық білдіріп, Нью-Йоркке сапарда сәттілік тіледі.