Генерал-майор Бағери: Аймақта шекаралардың өзгеруін қолдамаймыз. Бұған қатысты үнсіз қалмаймыз
(last modified Thu, 22 Sep 2022 13:38:08 GMT )
Қыр 22, 2022 19:38 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Аймақта шекаралардың өзгеруін қолдамаймыз. Бұған қатысты үнсіз қалмаймыз

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Аймақта шекаралардың өзгеруін қолдамаймыз. Әзірбайжан мен Арменияға өзара кикілжіңді бейбіт жолдармен, диалог арқылы шешуге кеңес береміз»,-деді.

Генерал-майор Бағери 31 шахривар – Қасиетті қорғаныс апталығының басталуына орай Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.) кесенесінің маңында өткен Қарулы күштердің әскери парадында Қасиетті қорғаныстың Иран тарихында халықтың әлемдегі құдірет теңгерімін өзгертуде айшықты рөл ойнауы үшін жаңа өмірдің бастамасы болғанын айтып: «Уақыт өткен сайын бұл ықпал анық байқалып келеді»,-деді.

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Қасиетті қорғаныс Иран халқының батылдығы мен ізгілігі көрініс тапқан сахна болды. Дұшпандардың шабуылы мен әлемдік үстемшілдердің қолдауына қарамастан Иран халқы соғыстан абыроймен  шықты»,-деді.

Генерал-майор Бағери Иран халқының әрдайым бейбітшілік сүйгіш халық екенін дәлелдегенін айтып: «Иранның әскери қуаты тек қорғаныс мақсатына бағытталған. Бүгінде Қарулы күштердің әуе, жер, теңіз бен ғарыштағы миссиялары ИИР-дың құдіретін көрсетеді»,-деді.  

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Бұл құдірет тұрақты тежегіш қуат тудырып, елдің жан-жақты дамуына жағдай жасады. Бұл халық перзенттерінің дұшпандарға көрсеткен табанды қарсылығы арқасында жүзеге асырылды»,-деп еске салды.

Генерал-майор Бағери Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдерден сионистердің арандатушылықтарынан сақтануға шақырып: «Сионистердің болуы аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Олардың әрбір қимылын жіті бақылап отырмыз. Егер қатерді сезінсек, сионистік режиммен қоса, олардың демеушілеріне де қатаң қатынас көрсететін боламыз»,-деді.