Қарулы күштер мен Сақшылар корпусының су жаңа дамыған құрал-жабдықтары әскери парадта көрсетілді
Иран армиясының төрт түрлі күштері және Ислам революциясы Сақшылар корпусының күштері Қасиетті қорғаныс апталығының басталуына орай өткен әскери парадта өздерінің су жаңа дамыған құрал-жабдықтарын көрсетті.
Қасиетті қорғаныс апталығының басталуына орай бүгін, бейсенбі Теһранда Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.) кесенесінің маңында Иран армиясының құрлық және әуе-қорғаныс күштері, әуе және теңіз күштерінің қатысуымен әскери парад өтті.
Құрлық күштері бөлімшелерінің парадында «Мохаджер-6», «Мохаджер-4», «Жаңа мохаджер», «Ясир», «Ораш», «Абабил-4» пен «Раад-85» ұшқышсыз ұшақтары көрсетілді.
Сондай-ақ «Ғаем-1» және «Ғаем-5» бомбалары да жұрт назарына шығарылды.
«Киан-600» бен «Киан-500» көліктері, «Киан-606» зеңбірек тасығыш, «Руинтән» оққа қарсы жүйемен жабдықталған «Сайяд» әскери барлау аппараты, «Зульфақар» танкілерінің үш буыны да парадқа қатысты.
31 шахривар әскери парады барысында «3 хордад» атты 200 км қашықтықты қамтитын әуе-қорғаныс кешеніне жататын зымырандардың үлгісі алғаш рет көрсетілді. Бұл жүйенің барлау ұзақтығы – 144 км. Ол бір мезгілде 4 обьектімен күресе алады.
Бұл жүйе өзінің сәтті әрекеттерінің бірінде 1397 жылы 31 хордадта (2018) Оман теңізінде АҚШ-тың MQ-4 C ұшқышсыз ұшағын нысанаға алды.
Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің жерден жерге атылатын «Резван» баллистикалық зымыраны да алғаш рет 31 шахривар әскери парадында көрсетілді.
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами Қасиетті қорғаныс апталығының басталуына орай өткен Қарулы күштердің әскери парады аясында сөйлеген сөзінде: «Ұшқышсыз ұшақ жасау технологиясы саласында алғы шептеміз»,-деді.
Сардар Салами сондай-ақ «Резван» зымыраны туралы: «Нысанаға дөп тию қабілетіне ие бұл зымыран ортақ қашықтыққа арналған зымырандар қатарына жатады»,-деді.