Амир Абдуллахиан Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен кездесуінде Иранның аймақ шекараларын өзгертуге қарсылығын қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен кездесуінде Иранның аймақ шекараларын өзгертуге қарсылығын қуаттады.
Хұсейн Амир Абдуллахиан Нью-Йоркте Байрамовпен кездесуінде әртүрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастардағы соңғы өзгерістерге тоқталып, екі ел арасындағы соңғы бір жылдағы алмасулар мен келісімдердің орындалуын оң және ілгерілеу жолында деп бағалады. Ол: «Иран Әзірбайжан мен Армения билігімен ақылдаса отырып, қақтығысушы тараптарға олардың арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын»,- деді.
Бұл кездесуде Әзірбайжан Сыртқы істер министрі де екіжақты қарым-қатынастардағы көтерілген мәселелерге және екі ел арасындағы консультациялар мен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.