Қасиетті Мешхедке 4,6 миллионнан астам зияратшы келді
https://itolqyn.com/news/iran-i64332-Қасиетті_Мешхедке_4_6_миллионнан_астам_зияратшы_келді
Хорасан Разави облысының (Иранның солтүстік-шығысында) зиярат істерін үйлестіру және басқару директорының орынбасары сафар айының соңғы онкүндігінде Мешхедке 4,6 миллионнан астам зияратшы барғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 28, 2022 02:42 Asia/Almaty

Хорасан Разави облысының (Иранның солтүстік-шығысында) зиярат істерін үйлестіру және басқару директорының орынбасары сафар айының соңғы онкүндігінде Мешхедке 4,6 миллионнан астам зияратшы барғанын хабарлады.

Сафар айының 30-шы жұлдызы шиіттердің сегізінші имамы имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күніне сәйкес келеді.

Iran Press агенттігінің хабарлауы бойынша, Ходжат Гонабадинежад Мешхедтегі тұрғын үйлердің жағдайы туралы: «Жалпы Мешхедтің тұрғын үй қорының 70 пайызы, ресми тұрғын үй орталықтарының 95 пайыздан астамы  толтырылды»,- деді.