Қыр 30, 2022 17:38 Asia/Almaty
  • Амузад пен Қасымпур əлем бойынша еркін күрестен көш бастады

Дүниежүзілік күрес федерациясы еркін күрес палуандарының жаңа рейтингін жариялап, 65 жəне 92 кг салмақта екі ирандық палуанның көш бастағанын хабарлады.

Белградта еркін күрестен халықаралық жарыс аяқталғаннан кейін Дүниежүзілік күрес федерациясы палуандардың жаңа рейтингін жариялап, алтын алған Камран Қасымпур мен Рахман Амузадтың 65 жəне 92 кг салмақта көш бастағанын хабарлады.

Иранның еркін күрес командасы биыл Сербияда өткен əлем чемпионатында 2 алтын, 3 күміс жəне 2 қола алып, турнир кестесінде АҚШ-тан кейін екінші орынға тұрақтады.

Тегтер