Генерал-майор Салами: Жастарды алдап-азғыру – дұшпанның соңғы айласы
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы жастарды алдап-азғыруды дұшпанның соңғы айласы деп атады.
Генерал-майор Салами: «Осы күндері дұшпандардың алдауы мен азғыруына ұшыраған жастардың өздері де міндетті түрде бұл жолдан қайтып, дұшпандармен күрестің алғы шебіне шығады»,-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпандардың құрығына түскен жастарға: «Сіздер осы мемлекеттің перзенттерісіздер. Біз халықты қорғағанда бәріңізді қорғаймыз»,-деді.
Генерал-майор Салами сондай-ақ Иран халқының бүлікшілермен күрес алаңына шыққанына алғыс айтып: «АҚШ, Ұлыбритания мен саудиялықтар медиа құралдар арқылы Ислам революциясының жүрегін нысанаға алса да, жеңіліс табады»,-деді.
Исламдық Иран халқы өткен бірнеше күнде елдің түкпір-түкпірінде соңғы бүліктерді айыптап, шеру өткізді.