Ислам революциясының жетекшісі: Бүліктер мен тынышсыздықтар - АҚШ пен сионистік режимнің жобасы
(last modified Mon, 03 Oct 2022 23:20:34 GMT )
Қаз 04, 2022 05:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Бүліктер мен тынышсыздықтар - АҚШ пен сионистік режимнің жобасы

Ислам революциясының жетекшісі Қарулы күштердің университеттерінде оқитын студенттер мен түлектердің ортақ рəсімінде: "Бүліктер мен тынышсыздықтар - АҚШ пен сионистік режимнің жобасы. Жалдамалылар мен шетелдегі кейбір сатқын ирандықтар оларға көмектесті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Қарулы күштердің əскери университеттері студенттері мен түлектерінің ортақ рəсімінде сөйлеген сөзінде соңғы оқиғаларға тоқталып: "Иран халқы осы оқиғада да басқа жағдайлардағыдай толық мықты қалыпта көрінді. Болашақта да осылай болады. Болашақта дұшпандар қай жерді бұзғысы келсе, бəрінен бұрын кеудесін қалқан қылып тосатын Иранның мүмін əрі батыл халқы болмақ",-деді.

Ол хазірет Амир əл-Муменин имам Əли (ғ.) сияқты Иран халқын мазлұм болса да, мықты халық деп атап: "Соңғы оқиғада бір жас қыз қаза тапты. Біздің де жүрегіміз ауырды. Бірақ осы оқиғаға ешбір зерттеу мен тергеу жүргізбей, біреулердің көшеге шығып, тынышсыздық тудырып, Құран кітабын өртеп, хиджаб киген əйелдердің басынан орамалдарын шешіп алып, мешіт пен хұсейниелер, халықтың көліктерін өртеуі қалыпты да табиғи реакция емес",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бүліктердің алдын ала жоспарланғанын айтып: "Осы қыздың оқиғасы болмаса да, биыл 1 мехрде елде тынышсыздық пен бүлік жасау үшін басқа сылтау тауып алар еді",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Əлемде бүлік көп болады. Еуропада, соның ішінде Францияның астанасы Парижде анда-санда ауқымды бүлік болып тұрады. Осы күнге дейін АҚШ Президенті мен Конгресі бүлікшілерді қолдап, мəлімдеме жасағанын көрдіңіздер ме?"-деді.

Ол америкалықтардың бір қыздың дүниеден өткеніне қайғырғаны өтірік екенін айтып, олар сырттай қайғырғанымен осындай сылтау тапқанына қуанғанын айтып: "Елде биліктің үш тармағының басшылары өкініш білдіріп, сот органы бұл мəселені соңына дейін қарастыруға уəде берді",-деді.

Аятолла Хаменеи  Иранның барлық салада қарқынды дамып, кейбір ескі түйіндерді шешуге талпыныс жасап, іргелі ғылымға негізделген өндіріс саласын жандандырып, елдің санкцияларды залалсыздандыруға күш-қуатының жететінін айтып: "Олар Иранда осындай жетістіктер болуын қаламайды. Осы қозғалысты тоқтату үшін, университеттерді жауып, көшелердің қауіпсіздігін бұзып, жауапты тұлғаларды жаңа түйткілдерге ұшырату үшін елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында бүлік ұйымдастырылды",-деді.

Ол дұшпанның елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысына қатысты есебінде қателескенін айтып: "Мен бəлуч қауымы ортасында өмір сүрдім. Олар Ислам республикасына шын жүректен адал. Күрд қауымы да Иранның ең дамыған қауымдарының бірі. Олар Отан, ислам мен жүйеге берік. Сондықтан олардың жоспары орындалмайды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Дұшпандардың жобасы мен амалдары олардың ішкі болмысын көрсетеді. Олар дипломатиялық сөздерінде Иранға шабуыл жасауды, жүйені өзгертуді жəне жауласуды қаламаймыз деп айтады, бірақ іштей қастандық ұйымдастырып, бүлік шығарып, елдің қауіпсіздігін бұзып, кейбір адамдарды арандатып отыр",-деді.

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың тек Ислам республикасына ғана қарсы емес, мықты да тəуелсіз Иранға қарсы екенін айтып: "Олар Пехлеви заманындағы Иранды көксейді.  Бұрынғы сүтті сиырдай олардың əмірлеріне көне беруін қалайды",-деді.Ол: "Толық хиджабы жоқ адамдардың көбі - Ислам республикасының шынайы жақтастары. Олар түрлі шараларға қатысады. Басты пікірталас - исламдық Иранның тәуелсіздігін сақтау, табандылығы мен айбынын нығайту",-деді.