Иран Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді қуаттады
Қаз 04, 2022 15:35 Asia/Almaty
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың бейбіт жолмен шешілу қажеттілігін қуаттады.
Генерал-майор Бақери Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен телефон арқылы сөйлескен кезде Армения мен Әзірбайжан арасындағы соңғы шиеленістерге тоқталып, екі ел арасындағы шиеленісті азайту үшін келіссөздерді жалғастыруға шақырды.
Әзірбайжан Қорғаныс министрі де бұл ел мен Армения арасындағы мәселелерді диалог пен достық арқылы шешуге болатынын мәлімдеді. Закир Хасанов: «Әзірбайжан Армения жеріне көзін тікпейді және Армения территориясын басып алу үшін әскери операциялар жүргізу ниеті жоқ»,- деді.
Тегтер