Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары Бүкіл күштердің бас қолбасшысына адалдықтарын қайта растады
Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары мен жауапты тұлғалары мəлімдеме жасап, Бүкіл күштердің бас қолбасшысына адалдықтарын қайта растады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мəлімдемеде: "Ислам революциясының жетекшісіне қайта ант етеміз: Ислам революциясының нұрлы жолында оның биік армандарына жету мақсатында Алланың дініне дұшпандар, мүшріктер, мұнафықтар, арандатушылар жəне Иран халқына жамандық тілеушілерге қарсы күресіп, ислам үмбеті мен қарсыласу қозғалысын кез келген жерде ақтық деміміз қалғанша қорғауды жалғастырамыз. Ислам революциясының қас жаулары жоспарларының күлін көкке ұшырамыз",-деді.
Осы мəлімдемеде: "Революцияшыл мүмін əрі моджахед халықтың қолдауы мемлекет, ислам революциясы мен оның жетістіктеріне залал келтірілуіне жол бермейді. Иран халқы қанқұмар АҚШ, бала өлтіргіш сионистік режим жəне олардың жақтастарына тиісті уақытта ғибратты жауап беретін болады",-деді.