Қаз 09, 2022 19:00 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Исламдық Иранның жеңісінің құпиясы – шиіт пен сүнниттің бірлігі

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елдің түрлі салалардағы жеңісінің құпиясын шиіт пен сүнниттің бірлігі деп атап: «Қасиетті қорғаныс жылдары және ішкі оқиғаларда шиіттер мен сүнниттер бірлік пен жанпидалық көрсету арқылы мықты Иран жасай алды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі барша мұсылмандарды Алла елшісінің (с.ғ.с.) туған күнімен құттықтап, Бірлік апталығының басталғанын жариялады.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Бірлік апталығы – шиіттер мен сүнниттердің Иран мен Ислам революциясына қызмет ету жолындағы тілеулестігінің шынайы көрінісі»,-деді.

Қалибаф: «Бұл бірлікке Қасиетті қорғаныс жылдарында және ел ішіндегі оқиғаларда әрдайым куә болып келеміз. Жан пида етіп, шәһид беру керек болған кез келген жерде сүнниттер мен шиіттер бірге әрекет етіп, Иранды нығайта түсті»,-деді.

Тегтер