Мохсени Ежеи: Иранды жеңу үшін аралас және үгіт насихат соғысын жүргізуден пайда жоқ
(last modified Mon, 10 Oct 2022 11:14:40 GMT )
Қаз 10, 2022 17:14 Asia/Almaty
  • Мохсени Ежеи: Иранды жеңу үшін аралас және үгіт насихат соғысын жүргізуден пайда жоқ

Иран Жоғары сотының төрағасы дұшпан елдердің Иранда тынышсыздық пен бүлік тудыруға талпынып жатқанына тоқталып: «Иранды жеңу үшін аралас және үгіт насихат соғысын жүргізуден пайда жоқ», деді.

Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи: «Сионистер, америкалықтар мен батыстықтар  Иранды жеңу үшін аралас және үгіт‑насихат соғысын жүргізуден және террор жасап, антигуманистік санкциялар салудан  пайда жоқ екенін білген соң Иранда тынышсыздық тудыруға көшті»,‑деді.

Иран Жоғары сотының төрағасы үстемшілдердің ислам әлемінің түрлі жерінде, соның ішінде Йемен, Палестина, Ливан, Ирак, Сирия мен Ауғанстанда үсті‑үстіне жеңіліске ұшырағанына тоқталып: «Дұшпан елдер ислам халықтарынан сан рет жеңілгендерін жасыру үшін өздерінің орасан зор қаражатының нәтиже бергенін көрсету мақсатында жалған сөйлеп, сұрқия әрекеттер жасауға мәжбүр болып отыр»,‑деді.